Барлық белгілеріне қарағанда, Алматыдағы жарылыстар лаңкестік әрекетке жатады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барлық белгілеріне қарағанда, Алматыдағы жарылыстар лаңкестік әрекетке жатады

Барлық белгілеріне қарағанда, Алматыдағы жарылыстар лаңкестік әрекетке жатады

28-қарашада Алматыда болған жарылыстар барлық белгілеріне қарағанда лаңкестік әрекетке жатады. KZ-today тілшісіне берген сұхбатында әскери ғылымдардың докторы, профессор Леонид Бакаев осындай пікір білдірді.

  • 30 Қараша 2004
  • 390
Фото - Caravan.kz

«Алматы қаласының орталығында орналасқан ғимаратта әрбіреуінің қуаты 200 грамм тротилге парапар екі құтының пайдаланылуы қалалық ІІББ-ның айтқанындай бұзақылардың ісі болуы мүмкін емес»,- дейді Л.Бакаев. Бүкіл нышан-белгілері айғақтап отырғанындай, бұл — алдын-ала жоспарланған саяси шара, дейді ол.

Сарапшының пікірінше, лаңкестік әрекет екі түрлі мақсатты көздеуі мүмкін: бұл не Қазақстанда жұмыс істейтін исламдық ұйымдардың сес көрсетуі, немесе, елдің оппозициялық күштерінің беделін түсіруге бағытталған әрекет болуы мүмкін.
Сарапшының пікірінше, мұндай жағдайдан шығудың бір жолы — Қазақстанда қоғамда тұрақсыздық орнатуға талпынып отырған күштердің бар екенін мойындап, құқық қорғау мекемелерінің жұмысын дұрыс ұйымдастыру болмақ.

Перейти к новостям спорта