Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде желдің күші секундына 15-20 метр болады. Таң ата және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 метр/секундқа дейін жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 метр/секундқа дейін жетеді.
Алматы облысының бірқатар аймақтарына тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде желдің күші 15-20 метр/секунд болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата кей аймақтарға тұман түсіп, көктайғақ болып жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түсіп, желдің күші секундына күндіз 15-20 метр, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің күші 15-20 метр/секундқа дейін жетеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, күндіз жел секундына 15-20 метр болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің күші ұйытқуы секундына 15-20 метр болады.
Маңғыстау облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ болады.