“Барселона” мәртебелі кубок жолында 100-ші жеңісіне қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Барселона” мәртебелі кубок жолында 100-ші жеңісіне қол жеткізді

“Барселона” мәртебелі кубок жолында 100-ші жеңісіне қол жеткізді

Чемпиондар лигасы аясында шотландияның “Селтигін” 2:1 есебімен ұтқан “Барселона” мәртебелі кубок жолында 100-ші жеңісіне қол жеткізді. Каталондық клуб бұл көрсеткіш бойынша мадридтық “Реал” мен “Манчестер Юнайтедті” ғана алға жіберген.

  • 25 Қазан 2012
  • 326
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, Хави Эрнандес “Барселона” рекордың жаңартты. Ол еурокубок жолында 150 матч өткізген. Камп-Ноу стадионында өткен бәсеке алаң иелері үшін сәтсіз басталды. Георгиос Самарас “Селтикті” алға шығарды. Алайда каталондықтар үзіліске дейін Андрес Иньестаның көмегімен таразы басын теңестіріп кетті. Ал төреші қосқан қосымша уақытта Хорди Альба алаң иелеріне жеңіс сыйлады. Үш айналымнан кейін G-тобында 9 ұпаймен “Барселона” жеке дара көш бастады. 4-ұпай еншілеген “Селтик” екінші орынға жайғасса, “Спартак” пен “Бенфика” тиісінше үшінші төртінші орында.  

Бүгін чемпиондар лигасының топтық кездесулері жалғасын таппақ. “D”-тобының орталық матчында дортмундтық “Боруссия” мадридтік “Реалмен” шеберлік байқасады.

Корольдік клуб бұл топта 6-ұпаймен көш басында. Дегенмен “Реал” бапкері Жозе Моуринью арқаны кеңге салу ерте екендігін жақсы түсінеді. Қонақтар сапында Марсело жарақатына байланыста Дортмундтағы матчқа қатыспайды. Десе де, оның орнын жоқтатпайтын футболшылар жоқ емес. Криштиану Роналду бастаған мадридтік клуб бұл жұпта фаворит. Бірақ Юрген Клопп жаттықтыратын “Боруссия” өз жанкүйерлерін жерге қаратпаймыз деп отыр. Егер бұл бәсекеде германиялықтар жеңіске жетіп жатса, “Боруссия” жеке дара көш бастайды. Бұл кездесу Астана уақытымен 00:45-те басталады.


Кеңес Одағы тұсында спорттағы дарынды балаларға арналған тұңғыш мектеп-интернат, қазақ жерінде ашылғанын көпшілік біле бермейді.  Алматыда іргесі қаланған осы оқу орны биылдан бастап колледж статусына ие болды. Бүгін колледж табалдырығын аттаған болашақ спорт жұлдыздарына арналған мерекелік  ант беру салтанаты  өтті.

Келешекте қазақтың атын шығаратын төл спортшыларды іздей қалсаңыз, оларды алыстан емес  өзіміздің Алматыдағы Қаркен Ахметов атындағы колледжден табасыз. Кеше ғана бүкіл Қазақстанды дүрліктірген олимпионик Зульфия Чиншанло да осы мектептің түлегі. Спорттың 17 түрін қамтыған колледжге осы жылы барлық сыннан сүрінбей өткен жүзге таяу үміткерлер қабылданыпты. Олардың көпшілігі ел ішінде олжа салып жүрген жас өрендер.

Соңғы жаңалықтар