«Барселона» «Реалды» ойсырата жеңді - ВИДЕО - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барселона» «Реалды» ойсырата жеңді - ВИДЕО

«Барселона» «Реалды» ойсырата жеңді - ВИДЕО

Бүгін Мадридте Испания чемпионатының 12-туры аясында «Барселона» мен «Реал» командаларының кездесуі өтті. Кездесу Астана уақытымен 23:15-те басталып, санаулы сәттер бұрын аяқталды.

  • 22 Қараша 2015
  • 516
Фото - Caravan.kz

Ойын тартысты өтіп, «каталондықтар» «Корольдік клубты» тас талқан етіп жеңді — 4:0.

Суарес ойынның 11 және 74-ші минуттарында екі голды қарсылас қақпасында тулатты. Неймар 39 минутта есепті еселесе, Иньеста 53-минутта төртінші голды салған болатын.

Кездесу барысында Родригес, Алвес, Рамос, Карвахаль, Бускетс сынды ойыншылар ескерту алып, Иско алаңнан қуылды.