"Барын салмайды, күшін сақтап босктасады": Танымал журналист олимпиадада ұтылып қалған қазақ боксшыларына тиісті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Барын салмайды, күшін сақтап босктасады": Танымал журналист олимпиадада ұтылып қалған қазақ боксшыларына тиісті

"Барын салмайды, күшін сақтап босктасады": Танымал журналист олимпиадада ұтылып қалған қазақ боксшыларына тиісті

Танымал журналист Шыңғыс Мұқан Париж олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан қазақ боксшыларын сынға алды.

  • 30 Шiлде
  • 257
Фото - Caravan.kz

Ол бапкерлердің де кемшіліктерін де атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Шыңғыс Мұқан бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Шымбергенов өз ойынын таңа алмады. Иордания спортшысының шеберлігі төмен болғанымен, жанкештілігі басым екен, әрі өзінің төбелеске ұқсас ойын әдісін өткізді. Бапкерлері де қатты қайрайды екен. Біздің бапкерлер жолдастық кездесуге келгендей селқос.

Шымбергенов, неге екені белгісіз, барын салмады. Күшін сақтап бокстасты. Олимпиадада әрбір жекпе-жекке өмірдің соңғы жекпе-жегіндей шық деп ешкім ескертпеген бе?..

Иордания боксшысы да мына боксымен ұзаққа бармайды», — деп жазды журналист.