"Барып тұрған өтірік": Блогер азық-түлікке айына 40-50 мың теңге жұмсайтын депутат туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Барып тұрған өтірік": Блогер азық-түлікке айына 40-50 мың теңге жұмсайтын депутат туралы

"Барып тұрған өтірік": Блогер азық-түлікке айына 40-50 мың теңге жұмсайтын депутат туралы

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева айына азық-түлікке отбасымен 40-50 мың теңге жұмсаймын деген депутат Ардақ Назаровтың қатаң сынға алды.

  • 23 Мамыр
  • 200
Сaravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогер Мөлдір Анарбаева Ардақ Назаровты желідегі парақшасында сынға алды.

«Сендер де соға бересіңдер. Өзім барып аламын деп, оллахи-биллахи деп қоса кетпедің бе? Қайдағы 50 мың? Депутат емес жай адам да бұдан көп жұмсайды, шіли нете бермеңдерші.

Сұхбат берердің алдында бір хабарласып жібермедің бе?! Біз мына жауабыңа сондай сүйсіндік. Барып тұрған өтірік. Шыныңды айта берсең продуктыңды тартып алмаймыз ғой. Болмаса білмеймін де», — деп жазды блогер.

Депутаттың өзі болса аталған мәселеге қатысты өзінің желідегі парақшасында ресми мәлімдеме жасады.

«Құрметті достар! Желіде тарап жатқан видеоға жауап. Кеше Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан сәтте журналистер тарапынан маған мынадай сұрақ қойылды:

— Ардақ мырза, отбасыңызбен айына азық-түлікке қанша қаражат жұмсайсыздар?

Бұл сұрақ маған жеке қойылғандықтан, өзімнің отбасының жағдайын айттым:

-Біздің отбасымыз айына шамамен 40-50 мың теңге жұмсаймыз. Өйткені ет, май, кейбір қажетті азық-түліктер ауылдан келеді. Дастарханымыз қарапайым, ысырап жоқ, аста-төк өмір сүрмейміз», — деп жауап бердім.

Әрине, әр отбасының жағдайы әр түрлі — бала саны, табыс деңгейі, тұратын орны, өмір сүру салты дегендей. Біз өлшемге өлшем қойып, жұрттың атынан сөйлемейміз. Әлдекім икра жейміз десе де өзі біледі емес пе? Бұл — тек менің отбасымның жағдайы.

Қазақстанда азық-түлікке айына 40-50 мың жетеді деген сөз жоқ бұл жерде», — деп жазды депутат.