Меморандумға қол қою рәсімі 3 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді.
Қонақтарды Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов қарсы алып, университеттің бас ғимаратындағы Күлтегін атриумынан бастап экскурсия өткізеді. Қол қою рәсімі ҚР Тұңғыш Президенті дәрісханасында өтеді.
Сондай-ақ ЕҰУ студентерімен кездесу өтеді деп жоспарлануда. Жастармен «Астана» футбол клубының президенті Лашын Аймағамбетов, «Астана» велоспорт клубының президенті Әлен Шәйжүнісов және «Астана» футбол клубының капитаны Қайрат Нұрдәулетов сұхбаттасатын болады.