«Барыс» хоккей клубы «Слованды» ойсырата ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» хоккей клубы «Слованды» ойсырата ұтты

«Барыс» хоккей клубы «Слованды» ойсырата ұтты

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Слован» (Словакия, Братислава) командасын ойсырата ұтты. Қорытынды есеп - 2:6.

  • 18 Қараша 2013
  • 379
Фото - Caravan.kz

Бұл ойында есеп алтыншы минутта ашылды. «Барыстың» хоккейшісі Роман Старченко қарсыластар қақпашысын қапы қалдырып, өз командасын алға шығарды. Бір минуттың ішінде таразы басы теңесті. Алайда бірінші кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда, Найджел Доус есепті еселеді. 1:2. Екінші кезеңде есеп тағы да теңесті. Бірақ «Барыс» үшінші шайбасын соғып, қайтадан алға шықты. Үшінші кезеңде қарсыластар Виталий Еремеевтің тасқамал қорғанысын еш бұза алмады. Ал «Барыстың» хоккейшілері «Слованның» қақпасына қатарынан үш шайба соқты. Қорытынды есеп — 2:6.


Айта кетейік, бұған дейінгі екі ойында «Барыс» ұтылған болатын. Ал осы жолы толық үш ұпайға қол жеткізіп, Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде үшінші орнын сақтап қалды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера