«Барыс» хоккейшілері «Атлантты» ойсырата ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» хоккейшілері «Атлантты» ойсырата ұтты

«Барыс» хоккейшілері «Атлантты» ойсырата ұтты

Кеше, қаңтардың 19-ы күні Құрлықтық хоккей лигасы аясында кездескен «Барыс» командасы өз алаңында Мәскеу облысының «Атлант» құрамасын қабылдап,

  • 20 Қаңтар 2012
  • 345
Фото - Caravan.kz

оны айқын басымдықпен жеңді. Есеп 6:1

Негізі, бұл командалар өткен жылдың қазан айында кездескен болатын. Сол кезде «Атлант» «Барыстың» жігіттерін 2:0 есебімен ұтқан еді. Енді, осы жолғы қарымта кездесуде біздің хоккейшілер өз жанкүйерлерін жерге қаратқан жоқ. Ойынның алғашқы кезеңінде «Барыстың» қорғаушысы Юнас Юнланд «Атланттың» қақпашысын қапы қалдырып, бірінші болып есепті ашты. Екінші кезеңде қарсыластар есеп таразысын теңестірді, бірақ одан аса алмады. «Барыстың» Талғат Жайлауов, Алексей Литвиненко, Эндрю Хатчинсон, Лукаш Кашпар, Брэндон Боченски, Кевин Даллмэн сияқты шайба шеберлерінің арқасында «Барыс» «Атлантты» ойсырата ұтты. Есеп 6:1.

Қаңтардың 24-і күні «Барыстың» келесі ойыны өтеді. Омбы қаласында ол «Авангард» командасымен кездеседі. Ал ақпанның 1-і күні өз алаңында «Салават Юлаевты» қабылдайды. Айта кетер жәйт, осы жолы «Барыстың» екі бірдей ойыншысы — Кевин Даллмэн және Брэндон Боченски қаңтардың 21-і күні өтетін Құрлықтық хоккей лигасының жұлдыздар матчына қатысады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера