«Барыс» хоккейшілері «Салават Юлаев» клубына қарсы ойнайды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» хоккейшілері «Салават Юлаев» клубына қарсы ойнайды

«Барыс» хоккейшілері «Салават Юлаев» клубына қарсы ойнайды

Бүгін, 30 желтоқсанда Уфа қаласында астаналық «Барыс» хоккей клубы жергілікті «Салават Юлаев» командасына қарсы кездесу өткізеді.

  • 30 Желтоқсан 2011
  • 361
Фото - Caravan.kz

Бұл қазақстандық ұжым үшін 2011 жылда өткізетін соңғы ойыны болмақ. Шығыс конференциясында 56 ұпай жинап, 7-орынға тұрақтаған «Барыс» командасы өзінен бір саты жоғары тұрған Уфа хоккейшілерінен бүгін басым түсуге үміттеніп отыр.

Құрлықтық хоккей лигасы аясында аталған командалар бір-бірімен 12 рет матч өткізген. Біздің жерлестеріміз соның 4-уінде ғана жеңіске жетсе, қалған 8-де жеңіліп қалған. Ал биылғы маусымда олар екі рет кездесті. Оның біреуінде астаналықтар жеңілістің дәмін татса, қараша айында өткен екінші кездесуде «юлаевтықтардан» еселерін қайтарды.