Екатеринбург қаласында "Барыс" пен "Автомобилист" арасында өткен төртiншi матч 2:1 есебiмен қазақстандық клубтың пайдасына шешiлдi.
Осылайша қатарынан төрт рет қарсыласын тiзе бүктiрген Ари-Пекка Селин шәкiрттерi ҚХЛ плей-офф сынының екiншi раундына өз тарихында алғаш рет өтiп отыр.
Гагарин Кубогiнiң екiншi раундында "Барыс" хоккейшiлерi "Ақ Барс" пен "Сiбiр" арасындағы тайталастың жеңiмпазымен кездеседi. Екеуара бәсекеде есеп — 2:2.