«Барыс» клубының хоккейшілері «Спортқа бірге» атты шараға қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» клубының хоккейшілері «Спортқа бірге» атты шараға қатысады

«Барыс» клубының хоккейшілері «Спортқа бірге» атты шараға қатысады

«Барыс» клубының хоккейшілері Астанада «Спортқа бірге» (Вместе в спорт) атты шараға қатысады.

  • 14 Қараша 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

Бүгін 18.00-де Астанадағы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығында өтетін шара барысында түрлі байқаулар мен автограф-шоулар өткізілмек. Конкурстардың жеңімпаздары түрлі сыйлықтармен марапатталады. Аталмыш акцияның ұйымдастырушыларының бірі «№ 1 MAG» журналы мен «Power Plate» компаниясы болып табылады.

Шараға шабуылшылар — Роман Старченко, Джошуа Грэттон, Евгений Бумагин, Максим Худяков, Вадим Ермолаев, сондай-ақ қорғаушы Алексей Литвиненко мен қақпашы Алексей Иванов қатыспақ.