«Барыс» командасы шешуші ойында жеңіліс тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» командасы шешуші ойында жеңіліс тапты

«Барыс» командасы шешуші ойында жеңіліс тапты

Кеше кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы аясында плей-офф сериясындағы тартыста астаналық «Барыс» магнитогорлық «Металлургпен» болған соңғы шешуші ойында 2:1 есебімен жеңіліс тапты.

  • 12 Наурыз 2012
  • 465
Фото - Caravan.kz

Осылайша, елордалық хоккейшілер Гагарин кубогі жолындағы биылғы маусымдағы тартысын аяқтады.

Ал «Барыстың» қарсыласы «Металлург» келесі кезеңге өтуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, қос команда арасында плей-офф сериясындағы тартыс 7 ойынға дейін созылды. Кешегі ойын барысында астаналықтар тегеурінді қарсылық көрсетті. Кездесудің үш кезеңінің нәтижесі бойынша екі команда 1:1 есебімен тең түсті. Алайда, осыдан кейінгі қосымша уақытта, яғни овертаймда магнитогорлықтар шешуші шайбаны салып, ойынды өз пайдаларына аяқтады.