«Барыс» мәскеулік «Динамо» командасын ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» мәскеулік «Динамо» командасын ұтты

«Барыс» мәскеулік «Динамо» командасын ұтты

Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында өткен кешегі ойында «Барыс» командасы мәскеулік «Динамодан» басым түсті.

  • 7 Желтоқсан 2010
  • 440
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, соңғы 6 ойында астаналық команда жеңіліс тапқан болатын. «Динамо» командасымен болған додадағы жеңіс «Барыс» командасына турнир кестесінде жоғары өрлеуге мүмкіндік беріп отыр. Атап айтқанда, ойынның бірінші кезеңінде қос команда хоккейшілері есеп ашуға қауқарлы болмады. Тек екінші кезеңнің басында қонақтар шайба салып, басымдықтарын көрсете алды. Алайда, кешегі додада мәскеуліктер үшін бұл соңғы шайба болды. Себебі, ойынның қалған уақытында «Барыс» командасының тегеурінді қарқыны қонақтарға шайба салуға мүмкіндік бермеді. Осы кезеңнің 11-ші минутында астаналық команда есепті теңестірді. Үшінші кезеңде екі команда да есепті еселей алмады. Тек, қосымша уақытта ғана «Барыс» хоккейшілері екінші шайбаны салды. Сонымен, бұл тартыс «Барыс» командасының басымдығымен аяқталды (2:1).

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера