«Барыс» өз алаңында Уфаның «Салават Юлаев» командасын ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» өз алаңында Уфаның «Салават Юлаев» командасын ұтты

«Барыс» өз алаңында Уфаның «Салават Юлаев» командасын ұтты

Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы өткен кешегі ойында «Барыс» командасы өз алаңында Уфаның «Салават Юлаев» командасын ұтты.

  • 6 Қаңтар 2011
  • 546
Фото - Caravan.kz

Ойын алғышқы кезеңнен бастап тартысты өтті. Бұл тартысты дода барысында ойын ережесін бұзғандар айып орнына жиі бағытталып отырды. Атап айтқанда осы кезеңнің 16 минутында алаң иелері есеп ашты. Ал екінші кезеңде қонақтар екі шайба салып, алға шықты. Сонымен қатар үшінші кезеңнің басында «Салават Юлаев» хоккейшілері көп кідірместен үшінші шайбаны қақпаға кіргізді. Алайда қонақтардың бұл басымдығы көпке созыла қойған жоқ. «Барыс» ойыншылары екі шайбаны қатарынан салып, есепті теңестірді (3:3). Негізгі ойыннан кейін берілген қосымша уақытта қос команда да шайба салуға қауқарлы болмады. Тек буллит сайысында астаналық команда басым түсті. Сонымен бұл тартысты доданы 4:3 есебімен «Барыс» командасы ұтты. 7 қаңтарда өтетін келесі ойында астаналық команда өз алаңында Челябинсктің «Трактор» командасын қабылдайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера