«Барыс» қақпашысы ҚХЛ чемпионатының 15 аптасында үздік деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» қақпашысы ҚХЛ чемпионатының 15 аптасында үздік деп танылды

«Барыс» қақпашысы ҚХЛ чемпионатының 15 аптасында үздік деп танылды

Құрлықтық хоккей лигасының 2011/2012 жылғы кезеңіндегі үздік хоккейшілерді анықтайтын комиссия 4 аталым бойынша чемпионаттың 15 аптасындағы үздік хоккейшілерді атады.

  • 12 Қаңтар 2012
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Үздік қақпашы» аталымында «Барыстың» қақпашысы Джефф Гласс ерекшеленді. Апта ішінде ол екі ойынға қатысып, екі шайба өткізіп алды. Жалпы оның қатысуымен болған осы кездесулерде ол қарсыластар шабуылдарының 96,6 пайызына тойтарыс берді.

ҚХЛ аясында «Үздік қорғаушы» болып «Амур» командасының ойыншысы Микко Мяенпя танылды. Ол апта ішінде екі ойын өткізіп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Ал «үздік шабуылшы» атағына «Сібір» хоккейшісі Владимир Тарасенко ие болды.

Сондай-ақ жаңадан келген хоккейшілердің арасындағы аталымда үздік ретінде «Юграның» шабуылшысы Станислав Бочаров көзге түсті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера