Ойынның небәрі 32-ші секундында «Барыстықтар» сапынан Кашпар есеп ашты. Ал 10-шы минутта Боченски есепті еселеді. Қарсыластар ішінде Никулин 13-ші минутта алғашқы шайбаларын соқса, араға 15 минут салып елордалықтар 3-ші шайбасын тоғытты. Қарсыласымыз Хосса Морозовтың көмегімен 2-ші шабаларын соққанмен, Гаврилин мен Жайлауов жұбының керемет пасын пайдаланған Краснослободцев 4-ші шайбаның иесі атанды. Кездесуді Кашпар 59-шы минутта өзінің 3-ші шайбасын соғумен аяқтады.
Тартысты ойын Қазан қаласындағы «Татнефть-Арена» мұзды алаңында өтті.