«Барыс» сырт алаңда Мытищидің «Атлант» командасына есе жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» сырт алаңда Мытищидің «Атлант» командасына есе жіберді

«Барыс» сырт алаңда Мытищидің «Атлант» командасына есе жіберді

 Кеше Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық «Барыс» сырт алаңда Мытищидің «Атлант» командасынан 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

  • 21 Ақпан 2011
  • 398
Фото - Caravan.kz

Ойынның алғашқы жиырма минуттығында қарсыластар шайба соға алған жоқ. Екінші таймның 8-минутында «Барыстың» сапындағы Старченко өзінің командаласы Худяковтың пасынан кейін есеп ашты. Алайда небәрі 3 минут өткеннен кейін жергілікті ойыншылар «Барыс» қақпасына шайба енгізіп, есепті теңестіріп кетті. Гол авторы — Левандовский.

Үшінші таймда есеп өзгерген жоқ, ойын овертаймға ұласты. Бұл кезеңде «Атлант» ойыншысы Федоров астаналық қақпашы Джефри Глассты сан соқтырып, «алтын голдың» авторы атанды. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды.