Кеше Қазанда өткен ойында екі команда да жақсы ойын өрнегін көрсетті. Айдын иелері ойынның бірінші кезеңінде есеп ашты. Алайда кейінгі екі кезеңінде астаналық команданың хоккейшілері қазандықтармен есепті теңестіре алмады.
Плей-офф аясында «Барыс» пен «Ақ барыс» арасындағы екінші кездесу бүгін, 25 ақпанда өтеді. Айта кетейік, бұл кезеңде командалар үш рет жеңіске жеткенше ойнайды. Бұл серия аясындағы үшінші және төртінші ойындар 27 ақпан және 28 ақпан күндері Астанада өтеді.