деп хабарланды Құрлықтағы хоккей лигасының ресми сайтында. Ойын кеше кешке қарай өтті.
Владимир Крикуновтың шәкірттері кездесудің екінші минутында есеп ашты. Шайбаны Виктор Александров қақпаға кіргізді. Бір минуттан кейін мұз айдынында текетірес болды, онда екі команданың ойыншылары Джон Мирасти және Тревор Гиллис «шекісіп» қалды. Алайда жеңіс ойынның екінші кезеңінде шыққан Гиллиске бұйырды, ал Мирасти бұдан кейін айдында көріне қойған жоқ.
Ал бірінші кезеңнің аяқталуына 5 минут қалғанда Михаил Григорьев қазақстандық команданың есебін арттырды. Алайда ойынның екінші жиырмасыншы минутында ресейліктер үсті-үстіне шабуылдады. Бұл өз нәтижесін бермей қалған жоқ. Чеховтықтар есепті теңестіріп, ойынды овертаймға алмастырды. Оның қортындысы бойынша «Витязь» командасы жеңіске жетті.