«Барыс» жаңа маусымын жеңіліспен бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» жаңа маусымын жеңіліспен бастады

«Барыс» жаңа маусымын жеңіліспен бастады

Қазақстандық «Барыс» клубы 2012/2013 Құрлықтағы хоккей лигасының кезекті чемпионатын жеңіліспен бастады,

  • 7 Қыркүйек 2012
  • 379
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Vesti.kz. Мәскеуде өткен ойында астаналықтар жергілікті «Динамо» командасынан 1:5 есебімен жеңіліп қалды.

Константин Касянчук бағыттаған Юрий Бабенконың шайбасын «Барыс» қақпашысы Виталий Еремеев ойынның 16-шы минутында өткізіп алды. Екі минут өтер-өтпестен Бабенко мен Касянчуктың шеберлігі арқасында тағы да еселенді.

Ойынның екінші кезеңінде мәскеулік Рихард Гюнге біздің командамыздың қақпасына 4-ші рет шайбаны кіргізді. 0:4 есебімен келе жатқан «Барыс» командасы Талғат Жайлауовтың арқасында ғана қақпа құлпын бұзды. Дегенмен ойынның 52-ші минутында Гюнге хет-трикті орындады.

«Барыстың» келесі матчы 8 қыркүйекте Санкт-Петерборда СКА командасымен мұз айдынына шығады.