«Барыс»«Қазмырыш-Торпедо» хоккей командасын 5-1 есебімен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс»«Қазмырыш-Торпедо» хоккей командасын 5-1 есебімен ұтты

«Барыс»«Қазмырыш-Торпедо» хоккей командасын 5-1 есебімен ұтты

Елорданың «Барыс» командасы өскемендік «Қазмырыш-Торпедо» хоккей командасын 5-1 есебімен ұтты

  • 10 Тамыз 2011
  • 418
Фото - Caravan.kz

Кеше елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орайластырылған ҚР Президенті кубогы үшін шайбалы хоккейден халықаралық турнир барысында еліміздің белді екі командасы қарсылас болды. Ойын нәтижесінде елорданың «Барыс» командасы 5-1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, спорттық шараға Қазақстан мен Ресей Федерациясының негізгі хоккей командалары қатысуда. Жанкүйерлер Ханты-Мансының «Югра», Хабаровскінің «Амур», сонымен қатар астаналық «Барыс» және өскемендік «Қазмырыш-Торпедо» клубтары ойыншыларының мұз айдынындағы өнерін тамашалауға мүмкіндік алып отыр. Елорданың «Барыс» командасымен өткен матчтар және 13 тамыз күнгі финалдық ойын «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера