“Барыстың” бағы тағы жанбады - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Барыстың” бағы тағы жанбады

“Барыстың” бағы тағы жанбады

“Барыс” өз алаңында 3:5 есебімен Омбының “Авангардынан” ұтылды.  Осымен қатарынан төрт рет жеңіліс тапқан  астаналық хоккейшілер турнир кестесіндегі жағдайын одан бетер қиындата түсті.

  • 2 Қараша 2012
  • 294
Фото - Caravan.kz

Алаң иелері бүгінгі ойынды  сәтті-ақ бастаған. Кездесудің 6-шы минутында  Федор Полищук пен Роман Старченко ұйытқы болған комбинацияны нәтижелі соққымен аяқтаған Константин Руденко көңілді бір жібітіп тастаған. Бірақ  қарап қалмаған қонақтар лезде таразы басын теңестіріп үлгерді. Дегенмен  алма-кезек шабуылға ұласқан алғашқы  кезеңнің соңғы минутында, алаңдағы  бір хоккейшінің  артықшылығын епті пайдаланған жерлестеріміз  есепте қайта алға шықты. Мұнымен келіспеген омбылық хоккейшілер уақыт өте  шабуылды үдете түсті. Алдымен Александр Перегожин есепті теңестірсе, одан әрі   “Барыстың” екіпініне төтеп беруден қалған жерлестеріміз  тағы үш шайба жіберіп алды. Қорытынды есеп 3:5. Өз тобында тоғызыншы орынға сырғыған “Барыс”,  келесі турдың ойынын  14-қараша күні Челябінің “Тракторымен” өткізеді. 


Шаршы алаңда  Генадий Головкинмен кездесуден ат-тонын ала қашып жүрген боксшылар аз емес. Соның бірі орта салмақ дәрежесі бойынша Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының супер чемпионы аустралиялық шебер Дэниэл Гил.

Головкинге ұстатпай жүрген көкқұрлықтың өкілі, Бүкіләлемдік бокс ұйымынан қашып құтылмасы анық.  Жақында мәртебелі ұйым қазақстандық боксшымен жұдырықтасудан жалтарып жүрген Дэниэл Гилге қатаң ескерту жасады.  Ұйым қожайындары оны жуық арада қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізуге міндеттеді.  Егер супер чемпион осы бетінен қайтпаса, онда  Бүкіләлемдік бокс ұйымы тұжырымының чемпионы деген атағынан айырылады.  1-ші  қыркүйек күні  поляк Гжегож Проксуға қарсы   чемпиондық атағын аброймен қорғаған  Генадий Головкин ,  әзірге  24 кездесу өткізіп оның бәрін жеңіспен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанға мақта керек пе?
Жаңалықтар 21 Маусым