Айта кетейік, «СКА» биылғы чемпионаттың фавориті болып саналады. Жалпы турнирлік кестеде ол тек мәскеулік «Динамоға» ғана жол беріп, 9 ұпаймен екінші орында тұр. Бұл команда бұған дейінгі чемпионатта плей-оффқа жетіп, лиганың азулы командаларымен күш сынасқан болатын. Былтыр Астанаға келіп, ҚР Президенті кубогын да еншілеген.
«Барыстың» бір ойыны кем. Демек, бізде қосымша ұпай жинауға мүмкіндік бар. Қазір Астана қаласының хоккей клубы жалпы турнирлік кестеде бесінші орынға орналасты. Оның еншісінде 6 ұпай бар. Бүгінгі ойында жеңсек, «СКА»-ны ығыстырып, бірден екінші орынға шығамыз.
Айта кетейік, «Барыс» пен «СКА» арасындағы ойын бүгін кешкі сағат 19:00-де Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтеді. Оны тікелей эфир арқылы «Қазспорт» телеарнасынан көруге болады.