«Барыстың» қалқаны Еремеев 67 ойында өз қақпасына гол жіберген жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыстың» қалқаны Еремеев 67 ойында өз қақпасына гол жіберген жоқ

«Барыстың» қалқаны Еремеев 67 ойында өз қақпасына гол жіберген жоқ

Желтоқсанның басында «Барыс» клубы Құр­лық­тық хоккей лигасы аясын­дағы кезекті кездесуінде «Северсталь» командасын 3:0 есебімен жеңді.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 309
Фото - Caravan.kz

Бұл ой­ын­да астаналық клубтың қақпасын Ви­талий Ере­меев қорғап, қонақтардың бірде-бір соққысын да­рыт­қан жоқ. Сөй­тіп, өз қақпасын «құрғақ» сақтап, «Ба­рыс» жеңіске жетті. Бұл — Еремеевтің спорт­тық карь­ерасындағы ҚХЛ мен оған дейінгі Ресей чем­пио­наттарын қоса ес­ептегенде 67-рет өз қақпасына гол жі­бермей, ойынды «нөлмен» аяқтауы. Әзірше 67 ойында өз қақпасына бірде-бір гол жібермей, «құр­ғақ» сақтап қал­ған ешкім жоқ, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Еремеев қазір 37-ден асты. Сондық­тан биылғы маусымда бапкерлер оған көп күш салмай жүр. Тәжі­рибелі қақпа­шыны Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы маңызды ойындарына сақтап жүрген де болар.

Жақында Құрлықтық хоккей лигасы Еремеевтің осы ерен жетістігіне тоқталып өтіп, одан кейінгі орын­дағы екі қақпашының көрсеткіштерін де жариялады. Александр Ерёменко мен Василий Кошечкин әзірше 46 ойынды «нөлмен» аяқтап, өз қақпаларына гол жі­бермеген екен. Әрине, екеуі де Еремеевтен бірша­ма қалып қойған. Бірақ Ерёменко Қазақстан құрама­сының қақпашысынан бес жас кіші болса, Кошечкин сегіз жас кіші.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера