«Бүгінде құрылысқа қажетті жер телімі бөлінді. Барлық мәселе осы жерге тірелген еді. Басында жаңа мұз айдынын жаңа футбол стадионы, велотрек пен коньки тебу алаңы жанында саламыз деп ойлаған едік. Бірақ тура сол жерде болмай қалды. Жаңа мұз айдыны осы құрылыс нысандарынан алыс емес жерде орналасады. Спорт кешені жақсы болады, Қазақстан басқаша салмайды», — деп атап көрсетті В.Крикунов.
Айта кетейік, өткен жылы «Барыстың» жаттығу алаңын тексерген Континенталды хоккей лигасының өкілдері оны жалпы лига бойынша ең нашар мұз айдыны деп тапқан болатын.