Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«48 келі салмақта Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева бақ сынайды.
52 келіде ешбір спортшыны қатыстырмаймыз. Бұл салмақтағы қыздар әлі де чемпионат деңгейін жеткен жоқ.
Бақыт Құсақбаева 57 келіде сынға түседі әрі командалық жарыста бақ сынайды.
Эсмигуль Куюлова 63 келіде белдеседі. Ол командалық турнирдегі олимпиадалық квоталарға үміттілердің бірі. Сондықтан, оған міндетті түрде жарысқа қатысу керек.
70 келіде Екатерина Токареваға сенім артамыз. Ол Астанадағы Grand Slam-да жақсы күресті. Тәжірибесі де толықсып келеді.
78 келіде Аруна Жангелдина сынға түседі. Азия чемпионатында жарақат алып қалған. Әлем біріншілігіне дейін сапқа қосылады деп үміттенеміз.
78 келіден жоғары салмақта Камила Берліқаш күреседі. Ол да квотаға иелік еткен, Олимпиадаға қатысады.
Соңғы жаттығу жиынын Қазақстанда өткізіп, чемпионатқа елден тікелей ұшып кетеміз», — деді Алпысбаев.