Бас бостандығынан айрылған полиция майорының туыстары шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас бостандығынан айрылған полиция майорының туыстары шу шығарды

Бас бостандығынан айрылған полиция майорының туыстары шу шығарды

Семейде сотталған полицейдің туыстары шу шығарды. Риддер қалалық криминалды полиция бөлімшесі бастығының орынбасары күдіктіге қатысты күш қолданды деген айыппен 2 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Сот үкімімен келіспеген майор Илья Косаревтің туыстары мен достары бүгін наразылық шарасын ұйымдастырды.

  • 10 Қараша 2012
  • 383
Фото - Caravan.kz

Полиция майорына қатысты үкім 30-шы қазан күні шыққан. Бұны Илья Косаревтің жақындары белгілі-бір мүддені көксеген топтың әрекеті деп бағалап отыр. Айтуларынша, ол ішкі істер органдарында 15 жыл бойы абыроймен жұмыс атқарып келген. Аттестациядан да сүрінбепті. Енді жақындары апеллияциялық шағым түсіріп, әділдікті жоғарғы жақтан күтуде.


Юлия Косарева, И. Косаревтің қарындасы:

— Сот үкімі шыққаннан кейін Илья аштық жариялады. Бүгінге дейін нәр татпапты. Біз өз тарапымыздан қолдан келгенімізді жасаймыз.

Соңғы жаңалықтар