Бас көлік прокуратурасы «Алматы-Атырау» бағытындағы пойызда 39 баланың улануына қатысты тексеріс жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас көлік прокуратурасы «Алматы-Атырау» бағытындағы пойызда 39 баланың улануына қатысты тексеріс жүргізуде

Бас көлік прокуратурасы «Алматы-Атырау» бағытындағы пойызда 39 баланың улануына қатысты тексеріс жүргізуде

ҚР Бас көлік прокуратурасы органдарымен № 41 «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызында 39 баланың улану фактісіне орай тексеріс жүргізуде.

  • 2 Тамыз 2011
  • 607
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, 28 шілде күні Қызылорда облысы Белкөл стансасында тағамнан улану белгілерімен оқыс сырқаттануына байланысты 39 бала «Алматы-Атырау» жолаушылар пойызынан түсірілген болатын. Уланғандардың 27 шілде күні жолаушылар пойызының вагон-мейрамханасындағы ас мәзіріне орай тамақтанғаны белгілі болды. «Осыған орай көлік прокуратурасы Желілік ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, теміржол көлігіндегі мемлекеттік-санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандарын, санитар-дәрігерлерді, бактериологтарды тарта отырып пойыздың вагон-мейрамханасына тексерулер жүргізді. Тексеріс барысында санитарлық-эпидемологиялық қадағалау мамандары асхана ыдыстарынан, мейрамхана жұмысшылары қолдарынан ішек таяқшасына және басқа да инфекцияларды тексеруге қатысты 20-ға тарта сынама алды. Сонымен қатар, вагон-мейрамхананы тексеру барысында санитарлық-эпидемологиялық нормалардың сақталмағаны анықталды. Вагонда шүмектен ағатын ыстық су, ет өнімдеріне сертификаттар болмаған, азық-түліктерді сақтауға арналған тоңазытқыш қондырғылары істен шыққан. Балалардың улануына байланысты қазіргі күні тергеуге дейінгі және зертханалық зерттеу тексерістері жүргізілуде», — делінген баспасөз айғағында.

Соңғы жаңалықтар