Бас мүфти атынан құрбан шалынды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас мүфти атынан құрбан шалынды

Бас мүфти атынан құрбан шалынды

Ұлық мейрам қарсаңында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Алматыдағы ордасын Астанаға ауыстырды.  Елордаға қоныс аударған мүфтият  Құрбан айт мейрамның екінші  күні құрбандық шалды.

  • 6 Қазан 2014
  • 365
Фото - Caravan.kz

Кеше Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы «Алтын таға» мал базарына барып, құрбан шалып, Астана жұртшылығына құдайы ас берді. Көпшілікке жайылған дастархан басында екі жылдан бері игі дәстүрге айналып үлгерген «Раббың үшін құрбандық шал» акциясы жайлы, осы акцияның арқасында қамқорлық көрген отбасылар туралы тағылымды  әңгіме айтылды. Бас мүфти алысты жақын ететін, туыстар арасындағы мейірім, махаббаты молайтатын осындай іс-шараларды көбейтетінін айтты.

«Бүгін — Құрбан айттың екінші күні. Жалпы Астана қаласы бойынша құрбандық 6 жерде шалынып жатыр. Арнайы мал соятын орындарда.бүгін осы базардың өзінде, 70-тен аса ірі қара шалынды. Әрине, бұл — халықтың жағдайының күннен күнге жақсарып келе жатқанының белгісі. Халқымыздың жаппай имандылыққа бет бұрып жатқанын білдіреді. Аллаға шүкір, тәуелсіздігіміз әруақытта баянды болсын.еліміз-жұртымыз аман болсын!» — деп тілегін білдірді өз сөзінде Е. Малғажыұлы.