Бас мүфти Оңтүстік Қазақстан облысындағы имамдарға білім деңгейін көтеруге нұсқау берді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас мүфти Оңтүстік Қазақстан облысындағы имамдарға білім деңгейін көтеруге нұсқау берді

Бас мүфти Оңтүстік Қазақстан облысындағы имамдарға білім деңгейін көтеруге нұсқау берді

Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі Оңтүстік Қазақстан облысындағы имамдарға білім деңгейін көтеруге нұсқау берді. Бұл туралы Түркістан, Созақ, Ордабасы аудандары мен Кентау қаласының имамдары бас қосқан семинар-кеңесте сөз болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қыркүйек 2005
  • 661
Фото - Caravan.kz



Семинар-кеңесте жергілікті мешіттердің жетекшілерінің діни білімін арттыру мәселесіне баса назар аударылды. Бас мүфти елімізде діни қызметкерлердің біліктілігін арттыруға арналған оқу орны құрылғанын еске сала кетті. Биыл бұл оқу орнында Оңтүстік Қазақстан облысынан 35 имам білімін шыңдап қайтқан. Бірақ, бас мүфтидің пайымдауынша, бұл -жеткіліксіз көрсеткіш. Имамдардың білім деңгейін түбегейлі көтеріп, жаңа ақпараттық технологтияларды қолданысқа енгізу, компьютерлік техниканы меңгеру қажет, деді бас мүфти.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастығы имамдарға апта сайын уағыз-насихат жүргізуге тапсырма берді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығы уағыз-насихаттың 150 тақырыбының тізімін бекітті. Апта сайын жұма намаздан кейін имам мешітке келушілерге осы тақырыптардың бірінен уағыз жүргізуге тиіс. Бас мүфтидің пікірінше, бұл талапты орындау — бөтен діни ағымдардың елімізге сыналап енуіне тосқауыл болмақ .
Кеңеске қатысқан имамдардың түрлі киімдеріне де бас мүфти назар аударды. Ол Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ұсынған ортақ киім үлгісіне бағынуды талап етті.
Сонымен бірге бас мүфти аудан әкімдері мешіт салу үшін өз бетімен жер телімдерін бөлуге құқығы жоқ екенін мәлімдеді. Республика көлеміндегі 1700 мешіттің 500-і Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Бірақ олардың кейбіреуі күні бүгінге дейін тіркелмеген. Бас мүфти бұл кемшіліктерді алдағы уақытта жоюға кеңес берді.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта