Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатып, ішімдік сатпауға үндеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатып, ішімдік сатпауға үндеді

Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатып, ішімдік сатпауға үндеді

Қасиетті Рамазан айы кезінде азық-түлік бағасы арзандап, көпшілік спирттік ішімдіктен арылуы керек! Ұлық шара қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәлі кәсіпкерлер мен жалпы мұсылман қауымға осындай арнайы үндеу жолдады.

  • 22 Шiлде 2011
  • 465
Фото - Caravan.kz


Бас мүфти қасиетті Рамазан айына байланысты, әсіресе, кәсіпкерлерді мол сауапқа кенелтер қайырымды іс-шаралар жасауға шақырды. Сауда орындарында азық-түлік пен жолаушылар тасымалы сияқты басқа да қызмет түрлерінің құнын төмендетуді, спирттік ішімдіктің ешқандай түрін сатпауды сұрап отыр. Айта кетейік, биыл Ораза айы былтырғыдан 11 күн ерте, яғни тура тамыз айының 1-інде басталады. Кәлимасын келтірген әр мұсылманға бір ай бойы бейәдеп қылықтардан арылып, ауыз бекітіп, ораза тұту парыз.

Соңғы жаңалықтар