Бас мүфти сойылған малдың қасында селфи жасайтындарды сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас мүфти сойылған малдың қасында селфи жасайтындарды сынады

Бас мүфти сойылған малдың қасында селфи жасайтындарды сынады

Сойылған малдың қасында тұрып селфи жасау әбестік! Ұлық мереке Құрбан айт алдында бас мүфти әлеуметтік желіден түспейтін мұсылмандарға осындай өтініш айтты.

  • 22 Қыркүйек 2015
  • 280
Фото - Caravan.kz

Ержан қажы Малғажұлы, бас мүфти:

– Өзінің істеп жатқан игі амалы мақтан үшін болмауы керек. Бейнетаспаға түсіріп, елге көрсеткені бір мақтан үшін болып кетеді. Сіз біреуге садақа берсеңіз де оң қолыңыз білсе, сол қолыңыз білмеуі керек.

Биыл айт намазы Алматы жұрты үшін таңғы 7:30 оқылса, елордалықтар 7:45-те бастайды. Ал құрбандық шалу үшін бұл екі шаһардың өзінде мал соятын 29 арнайы орын дайындалған. Ол жерлерде тіпті қасапшыларға дейін тренингтер өткізіліп, малды мұсылмандық жолмен сою ережелері түсіндіріліп жатыр екен. Мүфтиат мал бағасын да кәсіпкерлермен келісіп қойыпты. Яғни, Құрбан айтта сатылатын қойдың бағасы 30 мыңнан аспауы тиіс. Айта кетерлігі құрбандыққа бір жасар қой, екі жасар сиыр, бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, шұнақ болмауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар