Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

12 маусымда Астанада Құрбан айт мерекесіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасады

  • 13 Маусым
  • 5
Сурет: ҚМДБ баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерден Құрбан айтта құрбан малдың бағасын қолдан көтермеуді сұрады.

«Біз қашан да өзгелерге қайырымдылық жасап, айналамызға шуағымызды төгіп, үлкендердің алғысы мен батасын алып, өсіп-өнген елміз. Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді», – деген. Осы ретте еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды Құрбан айттың құрметіне мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыз күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын».Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы

Оның айтуынша, Құрбан айтты атап өтудің негізгі мақсаты – мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.