Бас прокуратура 25 құрылыс компаниясының қызметінен қылмыстық іс-әрекеттердің белгілерін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура 25 құрылыс компаниясының қызметінен қылмыстық іс-әрекеттердің белгілерін анықтады

Бас прокуратура 25 құрылыс компаниясының қызметінен қылмыстық іс-әрекеттердің белгілерін анықтады

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура 25 құрылыс компаниясының қызметінде құрылыс нысандарын тұрғызуға арналған ақша қаражатты жымқыру сияқты қылмыстық іс-әрекеттердің белгілерін анықтады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Қазан 2008
  • 710
Фото - Caravan.kz

С.Нұрпейісовтың айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша Бас прокуратура үлескерлердің құқығын бұзған құрылыс компаниялары жұмысындағы заңдылықтың сақталуын тексеруді одан әрі жалғастыруда.

Қазақстанда жеке және заңды тұлғалардың үлескерлік ақшаларын тартып отырған 285 құрылысшы ұйымдар бар.

Бас прокуратурадағы мәліметтер бойынша бұл компанияларда Астанада, Алматыда және Алматы, Ақмола, Актөбе мен Маңғыстау облыстарында 407 құрылыс нысандарын салуда. Олар осы мақсатта 50 мың үлескердің жалпы сомасы 231 млрд. теңге қаражатын тартқан.

Прокуратура өзінің осы жолғы тексеруінде де құрылыс жұмыстары мүлдем жүрмей тұрған, тапсыру мерізімдері жарты жылдан аса кешеуілдеген немесе құрылыс кестесін өте-мөте бұзылып отырған нысандарға баса назар аударды. Мұндай нысандары бар компаниялар проблемалы ұйымдар қатарына жатқызылды.

Тексеруге барлығы 104 ұйым тұрғызып жатқан осындай 154 нысан қамтылды.

Біз жасаған талдау олардың әрқайсының орнын анықтап та берді. Мәселен, олардың ішінде 47 ұйымның ғана құрылыс жүргізу үшін қажетті активтері мен тәжрибелері бар болып шықты. Бұлар қаржы дағдарысы, құрылыс материалдарының қымбаттауы сияқты объективті себептерге байланысты қиыншылық кешіп отыр.

Ал 32 компания өздерінің үлескерлер алдындағы міндеттерін құрылыс жүргізудегі тәжрибелерінің жетімсіздігінен уақытылы орындай алмаған. Олар сметалық құжаттар мен жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әу баста-ақ дұрыс жасамаған.

Ал қалған 25 құрылыс жүргізушінің қызметінде құрылыс нысандарын тұрғызуға арналған ақша қаражаттарын жымқыру сияқты қылмыстық іс-әрекеттердің белгілері анықталды. Бұлар өз кезегінде үлескерлердің баспаналарын уақытылы алу құқығының бұзылуына әкеліп соқтырды.

Сонымен қатар тексеру нәтижелері үлескерлік құрылыстың бүгінгі күйі тек қана еліміз бен әлем басынан кешіріп отырған бүгінгі күрделі жағдайға байланысты емес екенін тағы да анықтап берді. Оған негізінен жергілікті атқарушы органдар тарапынан жіберілген бақылаудың нашарлығынан болған құрылыс жүргізушілердің өздерінің заңға қайшы әрекеттері де себеп болған.

Мәселен, прокурорлар жеке құрылыс жүргізушілердің әрекетінде жалған кәсіпорындар арқылы қаражатты ұрлау белгілерін анықтады.

Мысалы, «Ақ Ауыл Корпорациясы» акционерлік қоғамының жоғары лауазымды қызметкерлері өздеріне сеніп тапсырылған азаматтардың ақшаларын осындай тәсілмен ұрлаудан шімірікпеген.

Бұл кәсіпорнының басшылары «Виктория» үй кешенін салу кезінде қосалқы мердігер ұйымдарға («Десткомпани» акционерлік қоғамы, «Габион», «Бедел — Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері) орындалмаған құрылыс-құрастыру жұмыстары үшін 2,5 млрд теңге аударған.

Тексеру барысында бұл мердігер ұйымдардың аталған құрылыс компанияларына еш қатысы жоқ жалған адамдардың атына тіркелгені анықталды.

Бұл фактілер бойынша материалдар 2008 жылдың 21 тамызында Астана қаласы бойынша Қаржы полициясының департаментіне жіберілді.

Сондай-ақ, қылмыстық-жазалау әрекеттерінің белгілері бар ақшаны иемдену, жұмсау және мақсатсыз қолдану фактілері анықталды. Нысандарды тапсыру мерзімдерінің бұзылғандығына қарамастан, аталған компаниялар халықтың ақшаларын басшылардың немесе жалған адамдардың жеке баюына жұмсаған.

Мысалы, «Бейбарыс Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1,7 млрд астам теңге қол ақшаны мақсатсыз жұмсаған. Ақшаның бір бөлігі заңды тұлғаларға уақытша көмек ретінде берілді, ал қалғаны жеке қолдануға арналған автокөлік сатып алу үшін кеткен.

Мұндай қылмыстық әрекеттер белгілері тағы 20 құрылыс компанияның қызметінде анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар