«Қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң әрі қарай жетілдіруді қажет етеді. Атап айтқанда, менің ойымша, бопсалау оқиғасы жайында өз еркімен хабарлаған тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен босататын 212 баптың ескертуін Қылмыстық кодексте қайта қалпына келтіру шараларын қабылдауға тез арада кірісуіміз керек», — деп мәлімдеді И. Меркель.
Оның айтуынша, «мұндай ескертудің жоқтығы пара беруге бопсалау туралы арыз келіп түскеннен кейінгі шұғыл шаралар жасағаннан соң құқық қорғау органдары осы пара берушіні жауапкершілікке тартуға міндетті. Бұл оның бопсалау оқиғасы жайында өз еркімен хабарлағанына қарамастан болып отыр».
«Қалыптасқан жағдай қылмыстың аталмыш санатын ашу жұмыстарын айтарлықтай қиындатады», — деп атап көрсетті бас прокурордың орынбасары.
Сонымен қатар, И. Меркель сыбайлас жемқорлық заңын бұзу оқиғасы жайында хабарлаған тұлғалар мен куәларды қорғау механизмдерін жетілдіру шараларын қабылдау қажет, деп атап көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті