Бас прокуратура ғимараты алдында өзін өртеп жіберген әйел көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура ғимараты алдында өзін өртеп жіберген әйел көз жұмды

Бас прокуратура ғимараты алдында өзін өртеп жіберген әйел көз жұмды

Астанадағы Бас прокуратураның бақылау өткізу пункті маңында өзін өртеп жіберген әйел ауруханада көз жұмды.

"Ол бүгін ауруханада қайтыс болды", — деп хабарлады Астана №1 қалалық ауруханасы Sputnik Қазақстан агенттігіне.

  • 14 Желтоқсан 2016
  • 844
Фото - Caravan.kz


Майра Рысманова 1968 жылы туылған, өткен аптада 6 желтоқсан күні Астанада Бас прокуратура ғимараты алдында өзін-өзі өртеп жіберіп, ауыр хәлде ауруханаға түскен.

Болған оқиғадан соң ведомствоның берген мәліметінше, ол 1988 жылы туылған ұлы Ербол Ахметовтың үкіміне келіспегендіктен, өз-өзін өртеп жіберген.

Прокуратура берген анықтама бойынша, Шу аудандық сотының үкімімен 2015 жылы 15 маусымда Ахметов ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша сотталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Бас прокурор Асанов бұл оқиғаны "сұмдық" деп атап, өз қолына алатынын мәлімдеді.