Бас прокуратура: Қазақстанда туберкулезді емдеуде заң бұзушылықтар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура: Қазақстанда туберкулезді емдеуде заң бұзушылықтар анықталды

Бас прокуратура: Қазақстанда туберкулезді емдеуде заң бұзушылықтар анықталды

Прокуратура органдары медициналық ұйымдар мен мекемелердің туберкулез профилактикасы бойынша шараларды іске асыруы жайына тексеріс жүргізді, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

  • 31 Мамыр 2016
  • 446
Фото - Caravan.kz

"Жалпы тексеру нәтижесінде, туберкулез ауыруына шалдығу күдігі бар адамдардың тексерілуі уақтылы жүргізілмеген, толық тексерілмеген және т.б. 1028 дерек анықталды. Көрсетілген факторлар сау адамдарға тікелей қауіп төндіреді», — деп түсіндірді ведомствода. .

Бас прокуратураның мәліметше, тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды, олар статистика ақпаратын бұрмалау,  профилактикалық іс-шаралардың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы, сапасыз дәрігерлік қызмет көрсету, науқастарды мәжбүрлеп емдеу шараларын қамтамасыз етпеу және т.б.

Мысалға, Талғар ауданының (Алматы облысы) орталық емханасында тексеру күні 78 емделушінің флюорографиясы оң нәтиже көрсеткенімен, толықтай тексерілмегені анықталды.

Әулиекөл ауданының (Қостанай облысы) орталық емханасына туберкулезге тексеруі қажет ауру белгілерімен аз.«О» бес айы бойы бірнеше рет қаралуға келген (2015  жылғы 28 мамыр, 8 тамыз және 14 қазан).

«Соған қарамастан, дәрігерлер ауруға сақтықпен қарамаған, нәтижесінде 22 қазанда ол туберкулезге қарсы ауруханаға жатқызылып, 4 қүннен кейін туберкулез ауруының асқынуынан жан тапсырған.


Аталған факті бойынша сот алдындағы тергеу шаралары жүргізуде», — делінген хабарламада.

Тексерулер нәтижесінде емделуден бас тартып, оңашалауды қажет ететін, елді мекендерде жүріп басқа адамдарға ауруын жұқтыру қаупін төндіріп жүрген 327 науқас анықталды. Қолданылған шаралармен 259 науқас емделуге қайтарылды, қалғандары іздестірілуде.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заң бұзушылықты және оның себептерін жою туралы енгізілген ұсынысты қарау нәтижесінде профилактикалық жұмыстағы немқұрайдылықты болдырмай, халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда, деп атап өтті Бас прокуратура. 

Соңғы жаңалықтар