«Тексеру барысында су қоймаларының жеке иелікке берілу заңдылығына, меншік иелерінің қорғаныш құрылғыларын тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын жағдайда ұстап тұру жөніндегі міндеттерін орындау жағдайына айрықша назар аударылатын болады. Тексеру қорытындылары қосымша хабарланады»,- деді Н.Сүйіндіков.
Оның хабарлауынша, прокуратура органдары Қызылағаш ауылында болған қайғылы жәйттің барлық мән-жайын анықтап, кінәлі адамдарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту үшін барлық шараларды қолдануда.
«Алматы облысының прокуратурасы аталған факт бойынша бірқатар қылмыстық істер қозғап, жекелеген лауазымды адамдар қамауға алынды. Бұл істердің тергеу барысы Бас прокурордың ерекше бақылауында»,- деді ресми өкіл.