Бас прокуратура Үкіметке заңға өзгертулер енгізбей тексерулерді жоспарлау процедурасын автоматтандыруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокуратура Үкіметке заңға өзгертулер енгізбей тексерулерді жоспарлау процедурасын автоматтандыруды ұсынады

Бас прокуратура Үкіметке заңға өзгертулер енгізбей тексерулерді жоспарлау процедурасын автоматтандыруды ұсынады

ҚР Бас прокуратурасы Үкіметке заңға өзгертулер енгізбей тексерулерді жоспарлау процедурасын автоматтандыруды ұсынады.

  • 9 Қараша 2012
  • 265
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін кәсіпкерлік мәселелері бойынша бизнестік қоғамдық ұйымдарымен ұйымдастырылған бейнеконференция барысында Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко айтты.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың әлеуеті жоғары екендігін айта келе ол, бірақ сол заңдардың орындалуы барысында кемшіліктерге де жол берілетіндігіне қынжылыс білдіре келе: «Біз жыл басында 6 министрлікте тексеру жүргіздік. Нәтижесінде тәуекелдерді бағалау жүйесін жоспарлы тексеруге бағытталған жаңа тетіктің іс жүзінде жұмыс істемейтіндігі белгілі болды. Тексеру барысында біздермен 26,5 мың тексеріс іс жүзінде заңсыз әрі негізсіз жүргізілген деп танылды», — деді.

Сондықтан да оның атап өтуінше, Бас прокуратура аталған сараптаманың қорытындысына орай Үкіметке заңды өзгертей тек тексерулерді жоспарлау процедурасын автоматтандыру туралы ұсыныс жасаған.

«Біз үшін ұзақ уақыт бойы талқылаудан кейін қабылданған заңдардың толық көлемді жұмыс істегендігі өте маңызды», — деді ол. Бұл ретте Бас прокурордың орынбасары қолданыстағы заңнамаларды жақсартуға бағытталған негізгі жұмыстардың аяқталғандығын, дегенмен одан әрі де толықтырулар мен өзгертулер енгізілу мүмкін екендігін ескертіп өтті.

Соңғы жаңалықтар