Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Көктем мерекесімен құттықтай отырып, Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Наурыздың жыл басы және жасампаздықтың бастамасы ретінде ежелден мерекеленіп келе жатқанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанның барлық халықтары үшін ол көктемгі жаңару, достықтың, туған Отанға деген сүйіспеншіліктің белгісіне айналды. Қайта жаңғырған Наурыздың тарихы біздің Тәуелсіздігіміздің тарихына айналды, — деді ол. Осы жылдары ежелгі мейрам қазіргі өмірге үйлесімді енді және ұлттық дәстүрлердің бірізділігін сақтай отырып, қазіргі Қазақстанды уақытпен және тарихпен байланыстырушы маңызды буынға айналды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, Наурыз біздің бірлігіміз бен берекеміздің, қазақстандық қоғамның өзара түсіністігі мен тұрақтылығының нышанына айналды.
Асхат Дауылбаев орталық аппарат қызметкерлеріне кәсіби жетістіктер, денсаулық, бейбітшілік және бақыт тіледі.