“Бас Прокуратураға жалған ақпарат берген Мұқанов пен Маратты қызметінен алуыңызды сұраймын” - Айгүл Орынбек Тоқаевқа үндеу жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бас Прокуратураға жалған ақпарат берген  Мұқанов пен Маратты қызметінен алуыңызды сұраймын” - Айгүл Орынбек Тоқаевқа үндеу жолдады

“Бас Прокуратураға жалған ақпарат берген Мұқанов пен Маратты қызметінен алуыңызды сұраймын” - Айгүл Орынбек Тоқаевқа үндеу жолдады

Заңгер Айгүл Орынбек конститутуциялық құқығы бұзылып жатқанын айтып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

  • 10 Маусым
  • 125
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Халық үнін еститін Бас Прокурорды іздеймін!

Шымкент қаласының прокуратурасы/Прокуратура города Шымкент Ғабит Мұқанов пен Ержан Маратқа сенімсіздік білдіремін!

Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев!

Төрт айдан бері, Менің конститутциялық құқығым тапталып жатыр!

ҚР Бас прокуратурасы / тек Шымкент прокуратурасына отписка жасап қарап отыр.
Ал Шымкент Прокуратурасы төрт айдан бері, менің шағымдарыма жауап берген жоқ!

Тіпті Шымкент қаласының тергеу сотында құқығым заңмен бұзылып жатқанын айтып, Шымкент прокуратурасынан араласуын сұрағанымда, үнсіз отырды!

Енді келіп, Шымкент прокуратурасы “Айгүл өзі келмей жүр деп өтірік ақпарат беріпті”.

Бас Прокуратураға жалған ақпарат берген
Ғабит Мұқанов пен Ержан Маратты қызметінен алуыңызды сұраймын!”, — деді Айгүл Орынбек.