Бас прокурор Алтынбек Сәрсенбаевтың өлтірілуіне қатысты іс объективті тексерілді деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокурор Алтынбек Сәрсенбаевтың өлтірілуіне қатысты іс объективті тексерілді деп есептейді

Бас прокурор Алтынбек Сәрсенбаевтың өлтірілуіне қатысты іс объективті тексерілді деп есептейді

Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев Қазақстан президентіне Алтынбек Сәрсменбаевтың өлтірілуіне қатысты істі тексеру сапасына күмәндануға ешқандай негіз жоқ деп баяндады, деп президент баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Маусым 2011
  • 490
Фото - Caravan.kz

«Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімінің дерегіне қатысты іс 2006 жылы АҚШ ФТБ (ФБР) қызметкерлерінің қатысуымен толық ашылған, және тергеу сапсына күмән келтіруге ешқандай негіз жоқ», — делінген баспасөз қызметінің Ақ орданың сайтында жарияланған хабарында.

«Біз бұл қылмысқа қатысы бар топ мүшелерінің бәрін анық зерттедік. Олардың бәріне үкім шығарылған, бәрі жазасын алды. Өзге адамдардың қатысы барлығы туралы қандай да бір объективті дәлелдерді ешкім ұсынған жоқ және оған ешқандай дәлел жоқ. Бас прокуратура ретінде біз іс толық, жан-жақты және объективті түрде тергелген деп нақты айта аламыз. Сот шешімі заңды және объективті», — деп айтқан Бас прокурордың сөзін баспасөз қызметі келтіреді.

Соңғы жаңалықтар