Caravan Logo

Бас прокурор Алтынбек Сәрсенбаевтың өлтірілуіне қатысты іс объективті тексерілді деп есептейді

Бас прокурор Алтынбек Сәрсенбаевтың өлтірілуіне қатысты іс объективті тексерілді деп есептейді

«Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімінің дерегіне қатысты іс 2006 жылы АҚШ ФТБ (ФБР) қызметкерлерінің қатысуымен толық ашылған, және тергеу сапсына күмән келтіруге ешқандай негіз жоқ», - делінген баспасөз қызметінің Ақ орданың сайтында жарияланған хабарында.

«Біз бұл қылмысқа қатысы бар топ мүшелерінің бәрін анық зерттедік. Олардың бәріне үкім шығарылған, бәрі жазасын алды. Өзге адамдардың қатысы барлығы туралы қандай да бір объективті дәлелдерді ешкім ұсынған жоқ және оған ешқандай дәлел жоқ. Бас прокуратура ретінде біз іс толық, жан-жақты және объективті түрде тергелген деп нақты айта аламыз. Сот шешімі заңды және объективті», - деп айтқан Бас прокурордың сөзін баспасөз қызметі келтіреді.