Жарияланды: 390

Бас прокурор АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілімен кездесті

Кеше Бас прокурор Асқат Дауылбаев АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті,

деп хабарлайды аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жағдайын талқылап, өзара қарым қатынас саласын кеңейтуге және одан әрі дамытуға мүдделілік танытты. Бас Прокурор орнатылған ынтымақтастықтың даму деңгейіне ризашылығын білдірді және Қазақстан мен АҚШ арасында әртарапты және терең деңгейдегі қатынаспен сипатталатын стратегиялық байланыс орнатылғанын атап өтті. Екіжақты қарым-қатынастың берік шарттық-құқықтық негізі қалыптасқан. Асқат Дауылбаев Бас прокуратура мен АҚШ құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы жоғары деңгейге шығып отырғанын атап көрсетті. Атап айтқанда, Федералдық тергеу бюросымен қабылданған өзара түсіністік туралы меморандум жүзеге асырылып жатыр, оның аясында бірқатар бірлескен іс-шаралар және білім беру бағдарламалары өткізілді. Өткен жылдың соңында АҚШ Әділет министрлігі Құқықтық статистика бюросымен құқықтық статистиканы қалыптастыру саласындағы ықпалдастық туралы Меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында сонымен қатар терроризммен және экстремизммен күрес, заңсыз жолмен табылған қаражатты айналымға салуға, терроризмді қаржыландыруға тосқауыл қою, құқықтық ақпаратты алмасу мәселелері қозғалды. Сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау мәселелері талқыланды. Джон Ордвей кездесуге ризашылығын білдіріп, екі елдің ынтымақтастығы қарқынды дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетініне үміттенетінін айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть