Бас прокурор: Халқымыз "Үйі жоқтың күйі жоқ" деп бекер айтпайды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокурор: Халқымыз "Үйі жоқтың күйі жоқ" деп бекер айтпайды

Бас прокурор: Халқымыз "Үйі жоқтың күйі жоқ" деп бекер айтпайды

Еліміздің Бас прокуроры Жақып Асановтың кешегі ресми үндеуінің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Онда үндеу толығымен берілген.

  • 14 Қазан 2016
  • 1471
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады. 

"Тұрғын үй — өмірдегі ең басты қажеттіліктің бірі. Халқымыз "Үйі жоқтың күйі жоқ" деп бекер айтпайды. Оны қолжетімді ету үшін елімізде арнайы бағдарламалар іске асырылуда. 25 жылда миллионнан астам отбасы баспаналы болды. Бірақ осы мәселенің басқа да жағы бар. Кейбір құрылыс компаниялары арзан бағамен қызықтырып, күмәнді шарттар ұсынып, көп адамдарды алдап кетті. Азаматтар жылдап жинаған ақшасынан айырылып, армандаған пәтерін ала алмай қалған" дейді Бас прокурор үндеуінің басында.

Естеріңізге салсақ, кеше осы үндеуінде Жақып Асанов халықты күмәнді құрылыс компанияларына ақша құймауға шақырған еді. "Үлестік құрылысқа ақша салмас бұрын мына екі құжаттың бірін — Кепілдік беру қорымен келісім-шартын немесе әкімдіктің рұқсатын талап етіңіздер. Онысы бар болса, мұқият оқып шығыңыздар. Соның өзінде олар жалған болып шығуы мүмкін. Ең дұрысы — әкімдік рұқсатының немесе әлгі компанияның Кепілдік беру қорымен келісім-шартының бар-жоғын әкімдікке барып немесе ресми сайттан қарап тексеріп алған жөн" дейді Бас прокурор.

Оның айтуынша, құрылыс компаниясымен арадағы келісім-шарт әкімдікке тіркелгеннен кейін ғана жасалған болып есептеледі, сонда ғана оның заңдық күші болады. Айта кетейік, 10 қазанда осы саладағы жаңа заң күшіне енді. Ол бойынша, құрылыс компаниясы үлескерлерден екі жағдайда ғана ақша ала алады: компанияның Кепілдік беру қорымен келісім-шарты болса немесе әкімдіктің рұқсаты болса.   


ҚР Бас Прокуроры Ж. Асановтың үндеуі! Тұрғын үй аламын деп жүргендер міндетті түрде көріңіздер! Алаяқтардардан алданып қалмаңыздар!

Posted by Айгүл Орынбек on Thursday, October 13, 2016