Жарияланды: 450

Бас прокурордың орынбасары азаматтарды «онлайн» режимінде қабылдады

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Асқар Секишев азаматтарды «онлайн» режимінде қабылдауды жүзеге асырды. Осындай форматтағы азаматтарды қабылдау шарасы Бас прокуратурада алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.

«Азаматтардың шағымымен жұмыс істеу, олардың конституциялық құқын қорғау - прокуратура органдарының маңызды бағыттарының бірі. Қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында заңнаманың бұзылуы туралы шағымдар қаралып, азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру шаралары қабылданады. Құқық қорғаушылық функцияны жүзеге асыру мақсатында Бас прокуратурамен азаматтарды, заңды тұлғаларды қабылдау алдын ала жазба бойынша бекітілген кестеге сай жүргізіледі. Ал жақында, 26 шілде күні Бас прокурордың орынбасары Асқар Секишев азаматтарды «онлайн» режимінде қабылдауды жүзеге асырды. Бұндай форматтағы шара Бас прокуратурада алғаш рет өтіп отыр», - делінген баспасөз айғағында. Облыс прокурорларының орынбасарлары, прокуратураның өңірлік органдарының жауапты қызметкерлері қатысқан «онлайн» қабылдау барысында, Бас прокурор орынбасарымен Алматы қаласының, Ақмола және Қостанай облыстарының тұрғындары бейнеконференция арқылы байланысты. Өтініш берушілердің барлық мәселелері мұқият тыңдалып, ол бойынша тыңғылықты зерттеу жүргізу туралы нақты тапсырмалар берілді. Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және кінәлілерді заң шеңберінде жауапқа тарту секілді мәселелер қозғалды. «Заманауи технологияларды пайдалану азаматтардың өздерінің сұрақтарын жедел әрі тез арада жоғары деңгейдегі басшылыққа жеткізу мүмкіндігін тудырып отыр. Бұл ретте өтініш беруші де өзіне қатысты жауапты шапшаң ала алады. Қабылдаудың бұндай форматы азаматтар тарапынан оң бағалануда», - делінген баспасөз айғағында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін