Бас санитар Есмағамбетова қай кезде қатаң карантин қайта енгізілетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас санитар Есмағамбетова қай кезде қатаң карантин қайта енгізілетінін айтты

Бас санитар Есмағамбетова қай кезде қатаң карантин қайта енгізілетінін айтты

Нұр-Сұлтанда сатушылар бетпердесіз, қолғапсыз қызмет көрсетеді, күн сайын олардың арасынан коронавирус жұқтырғандар табылады

  • 20 Мамыр 2020
  • 1022
Фото - Caravan.kz

 Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қатаң карантинді қайта енгізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

"Жалпы айтқанда вирус ешқайда кеткен жоқ. Ол әлі де біздің арамызда таралып жатыр. Сондықтан оның таралу жылдамдығы өзімізге байланысты. Біздің негізгі мақсатымыз – оның ары қарай таралуына жол бермеу. Науқастардың саны да өспеуі керек. Сөйтіп, карантиндік шараларды біртіндеп жеңілдетеміз. Алайда карантин шараларын сақтамау бізді қайтадан қатаң карантин режиміне қайтаруы мүмкін", — деді Есмағамбетова бүгінгі онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан тұрғыны далада жүгіргені үшін қамауға алынды

Оның айтуынша, карантин шараларын жеңілдету аясында кәсіпкерлерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Соған қарамастан, күн сайын тәртіп бұзушылықтар тіркеліп отырады.

"Мәселен, соңғы бірнеше күннің ішінде Нұр-Сұлтанда 358 кәсіпкерлік нысан тексерілген болатын. Осы нысандардың 85 проценті тиісті талапты сақтамайтын болып шықты. Сатушылар бетпердесіз және қолғапсыз қызмет көрсетеді. Арнайы киімі жоқ. Антисептик қойылмайды. Нан өнімдерін қаптау талаптары сақталмайды. Осы орайда айта кеткен жөн, Нұр-Сұлтанда күн сайын сатушылардың арасында коронавирус жұқтырғандар анықталып отырады", — деп атап өтті Есмағамбетова.


Бұдан бөлек, тамақтану орындары, стоматология, шаштараз, сұлулық салондары мен құрылыс компаниялары санитарлық нормаларды сақтамайды. Алматы қаласында да тәртіп жиі бұзылады. Жалпы, республика бойынша қызмет көрсету нысандарында тиісті талаптарға немқұрайлы қарайды.

"Тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған. Оның көлемі 5-500 айлық есептік көрсеткішті (13 890 – 1 389 000 теңге – Sputnik Қазақстан) құрайды. Тіпті, кәсіпкерлік нысанның жұмысын тоқтатуға дейінгі шара қолданылады", — деп түйіндеді Есмағамбетова.