— «Мен Қазақастан елін осы жеңіспен шын жүректен құттықтаймын! Біз, әрине, осы салмақта медаль алуды жоспарлаған болатынбыз, әрине Зульфияға бәсеке тіктік.
— Сіздердің тактикаларыңыз қандай болды?
— Біз бастапқыдан-ақ өз қарсыластарымызды жұлқи көтеруден моральдық жағынан «сындырмақ» болдық. Сол себепті біз 130 келіге өтініш жасадық — әлемдік рекорд орнатпақ болдық, оларды психологиялық тұрғыдан «сындыру» керек болды. Өздеріңіз көргендей, әлемдік рекордты жаңарттық!
Олимпиадалық ойындарда чемпиондар мен жүлдегерлердің көп болатыны сөзсіз, бірақ рекорд орнатушылар саны бірлі-жарым ғана. Оларды бүкіл әлем жұрты есіне сақтап, тарихта аты қалмақ. Еліміз – Қазақстан осындай ерекше есімдердің қатарында болатынын мақтан тұтамын.
Біраз тынығып демалып алған соң тағы медаль алу үшін күресеміз. Алдамазды тағы алынбаған белестер тұр, Майя Манеза, Ильин мен Подобедова да дайындық үстінде, оларға да жеңіс тілеп отырмыз. Әлі талай жұмыстар бар. Қолдау көрсеткендеріңізге үлкен рахмет!
Аударған: Заира Сабитова