Caravan Logo

"Бәсекелестік туралы" жаңа заң жобасындағы монополиялық ең жоғары және ең төмен бағаларды анықтау әдістемелерінің өзгеруі әділетті - "Атамекен"

"Бәсекелестік туралы" жаңа заң жобасындағы монополиялық ең жоғары және ең төмен бағаларды анықтау әдістемелерінің өзгеруі әділетті - "Атамекен"

"Монополиялық жоғары және төмен бағаларды анықтау әдістемелерінің өзгеруі принциптік тұрғыдан аса маңызды. Біз осы заң жобасында айтарлықтай әділетті қағидалар енгізілген деп есептейміз. Біз бұл тақырыпты көп талқылаған едік", - деді Е. Никитинская.

Ол осы заңда монополиялық баға ретінде осы нарыққа тәуелсіз қатысушыда бар ең жоғарғы бағадан ауытқу немесе ол ауытқу болмаған жағдай танылатынын нақтылады. Ең жоғарғы баға дегеніміз осы өнім түрін өндіру мен сату үшін қажетті шығын мен табыстан асып кету.

"Монополиялық төмен баға үшін бұл талаптар керісінше қабылданады. Осындай мәмілелер мен бағаның осындай анықтамасы халықаралық қаржылық есептің қазіргі стандарттарына сай келеді және бәсекелестікке қарсы оқиғаларды тергеу кезінде әділеттілік талаптарына толығымен жауап береді деп есептейміз", - деді "Атамекен" басшылығының өкілі.